Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды

22 желтоқсан 2021 15:26
©

Бүгін, 22 желтоқсанда "Aqtobe City" футбол клубының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы.

Футбол клубын ашуға қажет құжаттардың барлығы әділет органдарында тіркелген. Енді клуб басшылығы Қазақстан футбол федерациясы сертификациясынан өтуі үшін керек құжаттарды жинауға кірісіп кеткен. Жаңа клубтың ерекшелігі - ойыншылардың барлығы жергілікті футболшылар. 

Команда келер жылдан бастап екінші лигада бой көрсетеді деп күтілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-де өнер көрсететін "Ақтөбе" 2021 жылғы маусымды турнир кестесінде алтыншы болып аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: