Қазақстанда футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық раунды өтуі мүмкін

©uefa.com

Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық раунды өтуі мүмкін. 

"Қайрат" беделді турнирдің элиталық раундын өткізуге өтініш берді. 

Төрт бос орынға алты үміткер қала бар. Алматыдан бөлек, олар: Пальма-де-Майорка (Испания), Лиссабон (Португалия), Пула (Хорватия), Гливице (Польша) және Эболи (Италия). 

Соңғы рет элиталық раунд Алматыда 2019 жылы өткізілді. Жеңімпаздар 3 қарашада белгілі болады.

Жарыс 2022 жылдың 22-27 қарашасы аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: