Футбол
24 шілде 11:18

Қазақстанда футболдан әлем чемпионатына шығу мақсаты қойылды

©ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория ұлттық құраманың басты мақсаты - әлем чемпионатына шығу екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, біз қандай жағдайда болсақ та, Еуропа чемпионатына шығу мақсатын қоямыз. Әлем чемпионатына шығу - тіпті маңыздырақ. Әрбір ойын футболшылар үшін өздерін көрсетуге және елін танытуға мүмкіндік. Сол себепті олар алаңға шыққанда барын салып, жүректерімен ойнайды.

Құрамамызға жаңа жігіттер келіп жатыр. Бұрын-соңды болмаған жайт болды - 16 жастағы футболшы ұлттық команданың негізгі құрамында ойын көрсетті. Бұл - біздің болашағымыз (Дастан Сәтбаев - Vesti.kz ескермесі). Біз оны сақтықпен баулып жатырмыз, бірақ, ол қазірдің өзінде ұлттық құрама деңгейінде ойнауға дайын екенін көрсетіп жүр", - деді Лория "Спорт Пульс-тің" YouTube-тегі арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы бас бапкер Әли Әлиевтің басшылығымен әлем чемпионатына іріктеу кезеңін қыркүйекте жалғастырады. 4 қыркүйекте құрамамыз сырт алаңда Уэльспен кездеседі, ал 7 қыркүйекте Бельгиямен ойнайды. Үш тур қорытындысы бойынша Қазақстан J тобында үш ұпаймен төртінші орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport