Қазақстанда еурокубок ойындары тікелей эфирде көрсетілмеуі мүмкін

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Қазақстандық жанкүйерлер алматылық "Қайрат" пен қарағандылық "Шахтердің" Конференция лигасындағы ойындарын көре алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

МПН ақпараты бойынша, Qazsport арнасы әлі еурокубоктердің топтық кезеңін көрсету құқығын сатып алмаған. Биыл УЕФА турнирлерінің қатарына Конференция лигасы да қосылды. Сол үшін де көрсету құқығы қымбаттаған болуы мүмкін. 

"Қысқасын айтқанда, "Қайраттың" биыл Конференция лигасының топтық кезеңіне өтетін жақсы мүмкіндігі бар. Бірақ қазақстандық жанкүйерлер оны заңды түрде телеарнадан көре алмайды. Парадокс. 

Олимпиада ойындарының көрсету құқығы секілді бұл мәселе де шешіледі деп үміттенеміз", - леп жазды дереккөз. 

Еске салайық, 26 тамыз күні қазақстандық клубтар еурокубоктерде жауапты кездесулерін өткізеді. "Қайрат" Алматы қаласында "Фоланы" қабылдайды. Ойын 20:00-де басталады. Ал "Шахтер Тель-Авив қаласында "Маккаби" командасымен ойнайды. Қарағандылық команданың ойыны 23:30-да басталады. Бұл кездесулерді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. 

Бірінші кездесуде "Қайрат" командасы "Фоланы" 4:1 есебімен жеңсе, "Шахтер" 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: