auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстанда Еуро-2020 турнирін тікелей эфирде көрсететін болды

Қазақстанда Еуро-2020 турнирін тікелей эфирде көрсететін болды
Сурет: "СЭ"

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы футболдан UEFA EURO 2020 матчтарын көрсету құқығын иеленді. 16-шы Еуропа біріншілігі 2021 жылдың 11 маусым - 11 шілде аралығында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионаттың барлық ойындарын "Qazaqstan" мен "Qazsport" арналарынан тікелей эфирде көре алады. 

"Телерадиокорпорация футбол комментаторлары үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, 1 ай бойы тікелей эфирде үздіксіз хабар таратуға дайындық үстінде. Телеэфирлерден бөлек, Корпорация сайттарында онлайн көрсетілім жүргізіледі. Әдетте мұндай көрсетілімдер кезінде эфирді онлайн көрушілер саны күрт артады, осыны ескеріп, сайттардың техникалық мүмкіндіктері де күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілуде",- деп хабарлайды "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.

60 жылдық тарихы бар турнир алғаш рет 11 қалада - Амстердам (Нидерланд), Баку (Әзірбайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Глазго (Шотландия), Лондон (Англия), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Севильяда (Испания) бірдей өтпек.

UEFA EURO-2020 турнирінің финалдық кезеңіне шыққан 24 құрама 6 топқа бөлінген:  

A тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария

B тобы: Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей

C тобы: Нидерланд, Украина, Австрия, Солтүстік Македония

D тобы: Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия

E тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы: Венгрия, Португалия, Франция, Германия

1/8 финалға әр топтан ең мықты екі құрама мен үшінші орын иеленген төрт үздік команда шығады.

Турнирдің ашылу матчы 11 маусымда Римдегі "Олимпийский" стадионында, ал финалдық кездесу 11 шілдеде Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді. Чемпионат қарсаңында "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде сараптамалық бағдарлама жарыққа шығады. Оған спортшылар мен сарапшылар, футбол жанкүйерлері қатыса алады. 

Естеріңізге салсақ, футболдан Еуропа біріншілігі өткен жылы өтуі тиіс болған, алайда, пандемияға байланысты бір жылға шегерілген еді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама