Қазақстанда ең үлкен стадионның құрылысы басталды
Шымкент қаласында еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды. Бүгін салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, іргетасын қалады. Алаң Тұран – 2 шағынауданында бой көтереді.
Шымкент қаласында еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды. Бүгін салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, іргетасын қалады. Алаң Тұран – 2 шағынауданында бой көтереді.
БӨЛІСУ
35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.
Стадион құрылысын 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл еліміздегі ең үлкен стадион болмақ.
Қазақстандағы ең үлкен футбол алаңдары:
1. "Астана Арена" – 30 200
2. Алматы Орталық стадионы – 23 804
3. Мұңайтпасов атындағы стадион (Шымкент) – 20 000
4. "Шахтер" Орталық стадионы (Қарағанды) – 19 500
5. Қобыланды батыр атындағы стадион (Ақтөбе) – 13 500.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте тек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы "Орталық" стадион бар. Стадион 1969 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы – 18 000 орын. 2003 жылдан бері "Ордабасы" клубының негізгі аренасы болып келеді. Бұл алаң да қосымша жөндеуден өтіп, ойындар мен жеңіл атлетика жарыстары ұйымдастырылатын стадион болады.
Жарнама