Қазақстанда ең қымбат футболшы ауысып кетті

21 қыркүйек 2020 11:00
Марин Томасов. Сурет: "Астана" ФК
Қазақстанда ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңартылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, "Қайрат" командасы сапында ойнайтын польшалық Яцек Гуральски қымбат футболшы атанды. Оның трансфер бағасы - қазір 2,5 миллион еуро.



Екінші орында "Қайраттың" тағы бір футболшысы украиналық Адеринсола Эсеола тұр - 2,2 миллион еуро.  Үшінші орынға бұрын көш бастап тұрған "Астана" ойыншысы хорватиялық Марин Томасов жайғасты. Оның трансфер бағасы 2 миллион еуроға дейін түсіп қалды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасындағы топ-10 қымбат футболшылар:

1. Яцек Гуральски ("Қайрат", Польша) - 2,5 миллион еуро;

2. Адеринсола Эсеола ("Қайрат", Украина) - 2,2 миллион  еуро;

3. Марин Томасов ("Астана", Хорватия) - 2 миллион  еуро;

4-5. Раде Дугалич ("Қайрат", Сербия) - 1,8 миллион еуро;

4-5. Дмитрий Шомко ("Астана", Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;

6-8. Дорин Ротариу ("Астана", Румыния) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Пиерос Сотириу ("Астана", Кипр) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Дино Миканович ("Қайрат", Хорватия) - 1,7 миллион еуро;

9-12. Стас Покатилов ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Роман Муртазаев ("Тобыл", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Нұралы Әліп ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Тигран Барсегян ("Астана", Армения) - 1,5 миллион еуро.


Дмитрий Шомко

Айта кетейік, Томасов бірнеше маусымнан бері рейтинг басында тұрған. Оның трансфер құны 3,8 миллионнан екі миллионға дейін түсіп қалды.