Қазақстанда ең көп алатын бапкер ме? Бердыевтың "Қайраттағы" айлығы анықталды

©"Қайрат" ФК

Курбан Бердыев алматылық "Қайрат" сапында жылына 600 мың доллар жалақы алады. Бұл туралы Metaratings.ru порталы хабарлайды. 

Осылайша, Бердыев Қазақстан чемпионатында ең көп жалақы алатын бапкерлердің көшін бастап тұр. 

Еске салайық, Бердыев "Қайрат" командасының тізгінін тамызда ұстап, Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды. Сонымен қатар, алматылық ұжым ресейлік маманның қол астында Қазақстан кубогінің финалына шығып, Конференция лигасында өнер көрсетуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: