Қазақстанда ЧЛ, ЕЛ және "Қайрат" қатысатын Конференция лигасы ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

10 қыркүйек 2021 21:18
©twitter.com

Қазақстанда УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасы ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын көрсетеді.  

Биыл УЕФА-ның жаңа клубтық турнирі - Конференция лигасы құрылды. Оған Алматының "Қайрат" клубы қатысады. "Қайрат" өз тарихында Еурокубоктың топтық кезеңіне алғашқы рет шығып отыр. Қазақстандық команда H тобында өнер көрсетеді. Бұл топта швейцариялық "Базель", кипрлік "Омония" және әзірбайжандық "Карабах" командалары бар. 

Алматылық команда алғашқы кездесуін өз алаңында "Омония" клубына қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар