Острава (Чехия) қаласында Қазақстан U-19 жастар құрамасы ЕУРО 2022 додасының іріктеу сыны аясында үш ойын өткізеді.
Қазақстан құрамасы іріктеу сынының 13 тобына түсті. Мұнда бізден бөлек Чехия, Дания және Солтүстік Ирландия құрамалары бар.
Қазақстан жастар құрамасы 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Прага қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.
Құраманың аға бапкері Александр Кузнецов жиынға 20 футболшы шақыртты:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Әлішер Сүлеймен ("Жеңіс");
Қорғаушылар: Арсен Азатов, Владислав Кравченко, Александр Широбоков (барлығы "Қайрат"), Асқар Сатышев ("Тараз"), Егор Ткаченко ("Қайрат Мәскеу");
Жартылай қорғаушылар: Муроджон Халматов, Зикрилло Султаниязов (екеуі де "Ордабасы"), Диас Күшкімбаев ("Қайрат"), Мұқағали Пангерей, Бауыржан Рахмет ("Тараз"), Мақсат Рамазанов ("Жас Қыран"), Вадим Яковлев ("Ақсу");
Шабуылшылар: Мирас Амантаев ("Тараз"), Данил Анкудинов ("Родина Мәскеу", Ресей), Абзал Қалау ("Ордабасы"), Ғалымжан Кенжебек, Әлішер Рахымжанов, Ян Труфанов (барлығы "Кайрат").
Қазақстан U19 құрамасының ойындарының кестесі:
6 қазан
Чехия U19 – Қазақстан U19 (22:00)
9 қазан
Дания U19 – Қазақстан U19 (19:00)
12 қазан
Қазақстан U19 – Солтүстік Ирландия U19 (19:00).
(Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).