Айта кетейік, Тарханов БҚО-ның Қазақстан ауылында (1967 жылы атауы Ақсу болып өзгертілді) дүниеге келген. Бес жасында отбасымен Красноярск қаласына қоныс аударған.
Тарханов ЦСКА, "Торпедо", "Ахмат", "Крылья Советов" пен "Урал" сияқты ресейлік командаларды жаттықтырған. Сондай-ақ, өзбекстандық "Пахтакор", литвалық "Ветра", болгариялық "Славия" мен армениялық "Пюник" клубтарында бапкер болған.1990-шы жылдары маман "Спартак" пен Ресей құрамасының бапкерлер штабында қызмет еткен.
Ал "Енисей" сапында Тарханов 1972 мен 1975 жылдары футболшы ретінде өнер көрсетті, ол кездегі команданың атауы "Автомобилист" болатын.