Қазақстан тумасы еуропалық клубта бір маусымда екінші трофейін жеңіп алды

Сурет: Šport - Aktuality.sk
Футболдан Қазақстан құрамасына үміткер Юрий Медведев братиславиялық "Слован" сапында екінші трофей жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойыншы өзінің Instagram парақшасында Словакия кубогын жеңіп алған суретті жариялап, "Дубль!", - деп жазыпты.

Словакия кубогының финалында "Слован" 1:0 есебімен "Ружомбероктан" басым түсті. 48-ші минутта Ален Ожболт пенальтиден ойындағы жалғыз голды салды.

Кейінгі рет "Слован" Словакия кубогын 2017/18 маусымында иеленген. Мұның алдында Медведевтің командасы мерзімінен бұрын ел чемпоны атанды.

Биылғы маусымда Медведев 25 матче бір гол салып, екі ассист жасады. Оі қапталдағы қорғаушы "Слован" сапында 2018 жылдан бері ойнайды.



Еске салайық, 23 жастағы футболшы Ақтөбе облысындағы Бадамша ауылында дүниеге келіп, кейін отбасымен Чехияға қоныс аударған.
Метки: