Еуропаның футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) әсерлі голдардың топтамасын жариялап, оған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің Албанияға қарсы ойында соққан голын қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесудің 24-минутында Әбікен алаң ортасынан керемет соққы жасап, есепті 1:2-ге дейін қысқартты. Ол қақпашының қателігін пайдаланып, алыс қашықтықтан гол соқты - мұндай гол Қазақстан құрамасы тарихында бұрын-соңды болмаған.
Матч 2020 жылдың 15 қарашасында Тирана қаласында Ұлттар лигасы аясында өтті. Кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Қазіргі таңда 29 жастағы Айбол Әбікен Қызылорданың "Қайсар" клубында өнер көрсетеді. Бұған дейін ол Шымкенттің "Ордабасы", Павлодардың "Ақсу" және Алматының "Қайрат" клубтарында ойнаған.