Қазақстан-Тәжікстан матчі. "Парсы арыстандары" рейтингте "қаршығалардан" жоғары тұр
Футболдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары қараша айында жолдастық матч өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары қараша айында жолдастық матч өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл турасында ҚФФ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ермұхамед Мәулен мәлімдеді. Футбол алаңында қос ұжым осыған дейін төрт рет кездескен.
Алғаш рет 1994 жылы Ташкенттегі Өзбекстан тәуелсізідігінің Кубогінде Қазақстан ойыншылары "парсы арыстандарын" 1:0 есебімен ұтқан. Сол турнирде жерлестеріміз 4 ұпаймен қола медальді иеленген еді. 7 ұпай еншілеген өзбек командасы жеңімпаз атанды. Ал тәжіктер болса 3 баллмен төртінші орынға табан тіреді.
Одан кейінгі үш ойын Қазақстан футбол Федерациясының УЕФА-ға өткеннен кейінгі жылдары болды. 2006 жылы Алматының "Орталық" стадионында 4:1 есебі тіркелсе, 2007 жылы қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. Соңғы рет 2014 жылы Қазақстан мен Тәжікстан командаларының матчында "қаршығалар" 2:1 нәтижесін тіркеді.
Енді 13 қараша күні Талғат Маруаұлы шәкірттері әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында қонақта Франциямен кездесіп, 16 қарашада "Астана Аренада" Тәжікстан ойыншыларын қабылдайды.
ФИФА рейтингінде 2021 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан 120, ал "парсы арыстандары" 118 орынға жайғасқан.
Жарнама