Футболдан Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Астана Аренадағы" матчта "Тобыл" мен "Қайрат" командалары кездесіп, жеңімпаз негізгі уақытта анықталды. Қостанайлық ұжым 2:1 есебімен басым түсті. "Тобыл" сапында Серікжан Мужиков 30-минутта пенальтиден есеп ашса, үзіліске дейін Жоао Паулоның шірене тепкен добы Мокин қақпасынан табылды.
Екінші таймда "Тобыл" қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Алайда Рикарду Алвеш тепкен доп қақпадан биік ұшты. Негізгі уақыттың аяқталуына 7 минут қалғанда алаңға тыңнан шыққан Айбар Жақсылықов екінші гол салды. Қорытынды есеп 2:1. "Тобыл" қатарынан екінші рет Қазақстан Супербкугін иеленді.