Қазақстан Суперкубогін екі команда сарапқа салады
©ҚКФЛ
Қазақстан Суперкубогі үшін болатын ойын 2 наурызда "Астана Аренада" өтеді, деп хабарлайды ҚКФЛ баспасөз қызметі.
Қазақстан Суперкубогі үшін болатын ойын 2 наурызда "Астана Аренада" өтеді, деп хабарлайды ҚКФЛ баспасөз қызметі.
"2022 жылғы наурыз айында ойындар күнтізбесінің тығыздығына байланысты клубтармен келісе отырып, Суперкубок жеңімпазын классикалық түрде бір ойынмен анықтау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Жаңа маусымда аталмыш жүлдені өткен маусымның чемпионы қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан Кубогінің иегері алматылық "Қайрат" сарапқа салады.
Жарнама