Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчінің үздік ойыншысы анықталды

11 қыркүйек 2023 15:20
©ҚФФ

Белгілі "Футбол на Куличках" сайты Еуро-2024 іріктеуіндегі Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчінің үздік ойыншысын атады. Н тобындағы кездесу "Астана Аренада" өтіп, 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матчтің ең үздік ойыншысы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов болды.

"Самородов бірінші таймдағы мүмкіндігін сәтті пайдаланды, айып добын бұрышқа тура дәлдеді, міне осы дәлдігі Қазақстан командасына жеңіс сыйлады. Оның үстіне, шабуылшы өзін қорғаныста да жақсы көрсетті, ол тура үзіліс алдында қарсыластың соққысына бөгет болып, команданы қорғап қалды", - деп жазады дереккөз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport