Қазақстан премьер-лигасы үшінші турды бастайтын уақыт белгіленді

Сурет: "Астана" ФК
Қазақстан премьер-лигасы үшінші тур ойындарын 31 мамырда бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұл төтенше жағдай режимі алынған жағдайда. 

Егер карантин 11 мамырда аяқталса, клубтар 12 мамырда топтық жаттығуларын бастай алады. Қазақстан чемпионаты тоқтағанға дейін екі тур ғана аяқталған болатын. Сол уақытқа дейін жарыстың турнир кестесінде жеті ұпаймен "Астана" көш бастап тұрды, астанлық команда үш ойын өткізген. "Қайрат" пен "Қайсар" алты ұпайдан жинап үлгерді, алайда, қызылордалық команда екі ойын ғана өткізіп үлгерген.