Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Молдова арасындағы қарымта ойынның билеттері сатылымға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
"Астана Аренада" өтетін ойынның билеттері онлайн сатылымға шыққанын айта кеткен жөн. Осы орайда халық көп жиналмас үшін, стадион кассалары жұмыс істемейді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан мен Молдова командалары наурыз айының 29-шы жұлдызы елорда уақытымен 20:00-де басталады. Билеттер бағасы 500-3500 теңгенің аралығында.