Қазақстанның жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Ирландия құрамасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
D тобындағы кездесу Корк қаласында өтіп, алаң иелерінің пайдасына аяқталды - 4:3.
Қазақстан құрамасы сапынан Артём Литош (1-минут), Рамазан Каримов (38-минут) және Сұлтан Асқаров (52-минут) гол соқты. Ирландия құрамасының қатарынан Алекс Мерфи (21-минут) мен Джейми Маллинс (29-минут) мергендік танытты. Ал Али Турганов 48-минутта автогол авторы атанды. Матчтағы соңғы голды Томас Лонерган 86-минутта пенальтиден соқты.
Сонымен қатар Қазақстанның шабуылшысы Артём Литош 90+5-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Қазақстан келесі ойынын 6 қазанда Молдоваға қарсы сырт алаңда өткізеді. Ал Ирландия өз алаңында Англия құрамасымен ойнайды.
D тобындағы командалардың жағдайы:
Англия - 22 ұпай
Ирландия - 17
Словакия - 16
Андорра - 7
Молдова - 5
Қазақстан - 4
Ирландия мен Қазақстан тоғыз матчтан өткізді. Қалған құрамалардың еншісінде сегіз ойыннан бар.
Топ жеңімпаздары арасындағы тоғыз команда және екінші орын алған құрамалар арасындағы ең үздік команда (алтыншы орын иегерлерімен өткізген матчтардың нәтижелері есепке алынбайды) Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.
Қалған екінші орын алған 8 команда төрт жолдаманы сарапқа салу үшін плей-офф кезеңінде кездеседі.