Босния және Герцеговина Қазақстан құрамасының кәрі құрлықтағы 41 қарсыласы, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан Футбол Федерациясы 2002 жылы УЕФА-ға мүше болғалы биыл 19 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміздің басты командасы 2006 жылы Германиядағы әлем чемпионатының іріктеу турнирін есепке алғанда мундиальдың бес квалификациясына қатысты. Бесіншісі Катардағы әлем біріншілігі болып табылады. Сонымен қатар, Еуропа чемпионаттарының іріктеуінде төрт мәрте бағын сынады. Алғаш рет 2008 жылы Австрия мен Швейцариядағы Еуро турнирінің іріктеуіне қатысты.
Еуропада біздің құрама Әзірбайжан футболшыларымен ең көп матч өткізген. Атап айтқанда Әзірбайжан 8, Латвия 7, Түркия 6, Украина 6, Бельгия 6 және Грузия құрамасымен 6 рет өзара мықтыны анықтаған.
Еске салайық, 7 қыркүйекте Талғат Маруаұлы шәкірттері қонақта Босния және Герцеговина құрамасымен ӘЧ-2022 іріктеу турнирі аясында кездеседі. Әзірге D тобында жерлестеріміз 2 ұпаймен соңғы орында тұр.