Қазақстан мен Беларусь матчін екі телеарна тікелей эфирде көрсетеді

22 қыркүйек 2022 07:15
©ҚФФ

Бүгін футболдан УЕФА Ұлттар лигасының аясында Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астана Аренадағы" ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, С дивизионының 3 тобында Магомед Әдиев жаттықтыратын "қаршығалар" төрт ойыннан кейін 10 ұпаймен көш бастап келеді. Бүгінгі кездесуде Қазақстан командасы жеңіске жеткен жағдайда топтан бірінші орынмен шығып, плей-офф раундына жолдама алады. Сонымен қатар, С лигасынан В лигасын көтеріледі.

Бұл топта Словакияда 6, Әзірбайжанда 4 және Беларусь құрамасында 2 ұпай бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport