Қазақстан мен Беларусь матчі тарихқа кірді

24 қыркүйек 2022 13:57
©ҚФФ

Ұлттар Лигасында Қазақстан құрамасына ұтылған Беларусь командасы өз тарихында 120-рет ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі by.tribuna.com сайтына сілтеме жасап.

Жалпы Беларусь ойыншылары 265 матч өткізген. Соның ішінде 80 рет жеңіске жетіп, 65 мәрте тең түскен. Голдар көрсеткіші бойынша – 303:379.

Еске салайық, бесінші турда Беларусьті қабылдаған Магомед Әдиев шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында қаршығалар С лигасынан В лигасына жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport