Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов қысқы трансферлік кезеңде шетелден келген ұсыныстарды қарастыруға дайын, алайда біреуінен бас тартып үлгерді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Абатқа шетелден қызығушылық болғанымен, нақты ұсыныс болмай жатыр.
Атап айтқанда ресейлік "Родина" форвардты сапына қоспақ болды. Бірақ бұл жолы одан ойыншының өзі бас тартты. Өйткені ол Ресейдің екінші лигасында ойнағысы келмейді.
Өткен маусымда Айымбетов ҚПЛ-де "Астана" үшін 19 матчке қатысып, тоғыз гол салды. Сонымен қоса, ол Ұлттар лигасында ұлттық құрама команда үшін үш гол соқты.
27 жастағы футболшы шетелде ойнауға бұрын да тырысқан, дегенмен "Крылья Советов" командасына қосылғанмен, самаралықтар сапында бірде-бір ресми матч өткізе алмады. Ресейліктер оны қайтадан "Астанаға" жалға беріп қойды.