Футбол
3 қыркүйек 2021 17:22
 

Қазақстан құрамасының үш футболшысы Финлияндияға қарсы матчқа қатыспайды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының үш футболшысы Финлияндияға қарсы матчқа қатыспайды Сурет: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы чартерлік рейс арқылы Финляндия астанасы Хельсинки қаласына келіп жетті. Ұшу уақыты шамамен 4,5 сағатты құрады.

blog.share

Қазақстан ұлттық құрамасы чартерлік рейс арқылы Финляндия астанасы Хельсинки қаласына келіп жетті. Ұшу уақыты шамамен 4,5 сағатты құрады.

4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі. Матч Олимпиадалық стадионда өтеді. Ал оған дейін құрама команда жаттығу жұмыстарын өткізіп, дайындығын бір пысықтайды. Сонымен қатар бас бапкер Талғат Байсуфинов матч алдында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Айта кетейік, еліміздің басты командасының қатарына «Астана» қақпашысы Дмитрий Непогодов келіп қосылды. Себебі, негізгі қақпашы Стас Покатилов екі сары қағаз алғандықтан бұл матчқа қатыса алмайды. Сонымен қатар виза мәселесіне байланысты Азат Нұрғалиев пен Бахтиор Зайнутдинов те Финляндия жеріне келген жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!