Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы өз алаңында өтетін бірінші матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ
Бүгін, 7 қыркүйекте футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының екінші туры аясында Беларусьпен өз алаңында кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Алматыдағы Орталық стадион алаңында өтеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00. Матчті Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.

Бірінші турда Қазақстан сырт алаңда Литваны ұтты (2:0), осыдан кейін үш ұпаймен С дивизионында екінші орынға көтерілді. Литвалықтар соңғы, төртінші орында. Беларусь бірінші ойында Албаниядан ұтылып (0:2), үшінші орында. Сәйкесінше, Албания бірінші келеді.

8 қыркүйек түнде Албания өз алаңында Литвамен ойнайды.
Жаңалықтар