Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
24 және 29 наурыз күндері өтпелі матчта Молдова құрамасын жеңіп өтетін болса, онда Қазақстан құрамасы С лигасында қала береді. Осыған орай Швейцарияның Ньеон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасына Словакия, Беларусь және Әзірбайжан құрамалары қарсылас болып шықты.
Ал егер Қазақстан құрамасы екі ойынның қорытындысында Молдоваға жол беретін болса онда D лигасында өнер көрсетуге мәжбүр болады. Ондай жағдай орын алған кезде біздің командамызға Лихтенштейн, Андорра және Латвия құрамалары қарсылас болады.
Топтық кезеңнің матчтары 2022 жылдың маусым айында басталады.