Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы бірнші матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ
Бүгін, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2020/21 маусымындағы Ұлттар лигасының екінші айналымын бастайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдегі бірінші матчті Михал Билек жаттықтыратын команда Литваға қарсы Вильнюсте өткізеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 22:00. Qazsport арнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция арнаның сайтында қолжетімді. 

7 қыркүйекте Қазақстан Беларусь құрамасымен Алматыда ойнайды, ал Литва бұл күні Албаниямен кездесу өткізеді.

"Біздің футболшылар жүрекпен ойнайды". Ұлттар лигасындағы қарсылас Қазақстанға құрмет туралы