Қазақстан құрамасының тағы бір футболшысы ресейлік клубқа ауысуы ықтимал

Сурет "Веерхост" клубының сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский бельгиялық "Беерсхот" командасында өткізген бірінші маусымынан кейін Польша, Австрия, Бельгия және Ресей біріншілігінде өнер көрсететін командалардың назарына ілікті. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне футболшының агенті Кен Ван Дейк айтты. 

"Яннің прогрессіне көңілім толады. Ол жаңа лига және жаңа елге тез бейімделді. Осы маусымдағы ойынан кейін Ресей, Бельгия, Австрия және Польша біріншіліктерінде өнер көрсететін командалардың назарына ілікті. 

Қазір ол "Левенмен" Бельгияның жоғары біріншілігіне жолдама беретін қарымта матчқа дайындалып жатыр. "Беерсхот" бірінші кездесуде жеңіске жетті. Жауапты кездесу 2 тамызға жоспарланған", - деді Ван Дейк. 

"Беерсхот" сапында Вороговский биыл 19 кездесуге қатысып, бір гол және бір нәтижелі пас берді. 23 жастағы қорғаушы сәуір айында командамен келісімшартын ұзартты. 







Метки: