Қазақстан құрамасының шабуылшысының миы шайқалған

Алексей Щеткин. Сурет: ҚФФ

Ресейлік "Роторда" өнер көрсетіп жүрген Алексей Щеткин 2022 жылғы әлем чемпионаты матчтерінде ойнау үшін Қазақстан құрамасына неге шақыртылмағаны белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Матч ТВ" комментаторы Роман Нагучевтің мәліметінше, 29 жастағы форвард командамен жаттығу кезінде жарақат алған. 

"Кеше маған матч алдында Щеткин жаттығу кезінде жарақат алғанын айтты, сондықтан ол ойында жоқ. Ол командаласымен соқтығысып басын ұрып алыпты, миы аздап шайқалған екен. Әзірге ойынға қатыспайды, ары қарай қалай болары белгісіз", - дейді Нагучев. 

Щеткин "Ротор" сапына 2021 жылы қаңтарда өтіп, Ресей премьер-лигасында бір матч өткізді. Шабуылшы өткен маусымды "Астана" сапында өткізген еді.