Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Тобылға" ауысуы мүмкін

©"Жетісу" ФК

Талдықорғандық "Жетісу" мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов қостанайлық "Тобылға" ауысуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанған "Тобыл" шабуыл шебін күшейтуге ниетті. Сол үшін де команда бірнеше шабуылшылармен келіссөз жүргізуде. Сонымен қатар, қостанайлық команда Игорь Сергеевті қатарында сақтап қалуы мүмкін. 

Бұған дейін 24 жастағы Жақсылықовтың агенті ресейлік командалармен келіссөз жүргізген еді. Ол командалардың қатарында "Химки" және тулалық "Арсенал" болған. Бірақ ресейлік клубтар шабуылшыға қызығушылық білдірмеді. 

Жақсылықовты "Астана" командасы да өз қатарына қосқысы келеді. Қазіргі уақытта елордалық команда да онымен келіссөз жүргізуде. 

Айта кетейік, шабуылшы карьерасында тек "Жетісу" командасында ойнаған. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасы сапында бес кездесу өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: