Қазақстан құрамасының шабуылшысы тарихи кездесу өткізді

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Астана" командасының шабуылшысы Абат Айымбетов "Ордабасыға" қарсы тарихи кездесу өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Елордалық команданың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, шабуылшының "Ордабасы" қақпасына соққан үш гол Қазақстан чемпионатындағы ең жылдам хэт-трик болды. Айымбетовке үш гол соғу үшін 4 минут қажет болды. 

Еске салайық, ҚПЛ 22-турындағы бұл кездесу "Астана Аренада" өтіп, 6:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. 

Ал келесі кездесуін "Астана" командасы 15 қазан күні "Қайратқа" қарсы өткізсе, бір күн бұрын "Ордабасы" командасы "Шахтермен" кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport