Қазақстан құрамасының шабуылшысы шетелдік чемпионатқа ауысуы мүмкін

Сурет: "Ордабасы" ФК

Қазақстан құрамасы мен "Ордабасы" ойыншысы Сергей Хижниченко алдағы күндері басқа клубқа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, шабуылшы командасын ауыстырып қана қоймай, басқа чемпионатқа өтуі мүмкін. Оған Ресейдің бірінші лигасындағы бірнеше команда көз тігіп отыр. 

29 жастағы Хижниченко "Ордабасы" сапына 2020 жылы қосылған. Биылғы маусымда ол 16 матчте ойнап, үш гол салды және бір ассист жасады.

Сонымен бірге, ол "Астана", "Шахтер" (Қарағанды), "Тобыл", "Ақтөбе", "Атырау", "Шахтер" (Солигорск), "Корона" (Польша) клубтарында өнер көрсеткен.