Футбол
22 ақпан 2021 14:05

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресм түрде ресейлік клубқа өтті

Сурет: "Крылья Советов" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов "Крылья Советов" командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы самаралық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Футболшы жаңа командада 9-шы нөмірмен ойнайды.

Өткен маусымда форвард "Қайрат" үшін 20 матчта он гол салған. Сонымен бірге, ол 2020/21 маусымындағы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы үшін екі гол салған. 

Самаралық клуб 26 тур қорытындысы бойынша Ресейдің футболдан ұлттық лигасында (елдің екінші дивизионы) екінші, осылайша, РПЛ-ға бірден өте алады. Турнир соңына дейін 16 тур қалды.