Ресейлік "Ротор" командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин қазіргі командасының қатарында қалғысы келмейді екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
30 жастағы Щеткинге қазіргі уақытта қазақстандық командалар қызығушылық білдіруде. Олардың қатарында "Ақтөбе" клубы да бар. Бірақ бұл команданың басты таңдауы Алексей Щеткин емес. Владимир Муханов қазіргі уақытта басқа шабуылшыларды да қарастырып көруде.
Айта кетейік, шабуылшы Ресейдің Ұлттық футбол лигасында 12 кездесу өткізіп, үш гол соқты. Ал оның командасы турнир кетесінің соңғы жағында тұр.