Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік клубтан кетті
Қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин ресейлік "Ротордан" кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Transfermarkt сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин ресейлік "Ротордан" кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Transfermarkt сайтына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, Щеткиннің волгоградтық клубпен келісімшарты аяқталды, енді ол еркін агент атанып отыр.
Өткен маусымда ол "Ротор" сапында 17 матчке қатысып, үш гол салды.
Ресейлік клуб сапына ол былтыр қаңтарда өткен болатын. Ол кезде команда РПЛ-де өнер көрсетіп жүрген. Енді Щеткин Қазақстанға оралатынға ұқсайды, мұнда оған бірнеше клуб көз тігіп отыр.
Шабуылшы бұрын "Жетісу", "Атырау", "Тараз", "Тобыл", "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Астанада" өнер көрсеткен. Сонымен қоса, ол Қазақстан құрамасы сапында 38 матчте ойнап, үш гол соққан.
Жарнама