Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік клубпен келісімшартты үзді

2 желтоқсан 2021 13:52
©"Балтика" ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев калининградтық "Балтика" сапында ойнамайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, форвард ресейлік клубпен келісімшартты үзген. Ал өзге жайттыр айтылмады. 

Мұртазаев ҰФЛ-де калининградтық клуб үшін 11 матчке қатысқан. 

Сонымен қоса, ол қарағандылық "Шахтер", "Астана" және қостанайлық "Тобыл" сапында өнер көрсеткен. Үш рет Қазақстан чемпионы, екі рет Суперкубок пен бір рет ел кубогын иеленген. Қазақстан құрамасымен 22 матчте ойнап, үш гол салды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар