Қазақстан құрамасының шабуылшысы Мұртазаев "Тобыл" сапынан кетті

Роман Мұртазаев. Сурет: "Тобыл" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев "Тобыл" сапынан кетті,- деп хабарлайды қостанайлық клубтың ресми сайты. 

27 жастағы футболшының келісімшарты аяқталуға жақын.

Мұртазаев "Тобылға" 2020 жылы ақпанда өткен. Қостанайлық команда үшін ол жалпы 17 матчте ойнап, екі гол салды және бір нәтижелі пас берді.