Футбол
30 маусым 2022 15:19

Қазақстан құрамасының шабуылшысы командасыз қалды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек пен "Атырау" командасы келісімшартты ұзартпау туралы келісімге келіпті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тұрысбек өткен маусыда мүлде ойнамады. Ал қыста "Ақсу" сапына қосылған болатын. Бірақ шабуылшы павлодарлық команданың бапкерлерінің көңілінен шықпады. 

Сөйтіп, 2022 жылдың басында шабуылшы "Атырау" командасына қосылған болатын. Бұл клубтың сапында Тұрысбек тоғыз кездесу өткізді. Бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Сондықтан команда онымен келісімшартты ұзартпайтын болды. 

Айта кетейік, 30 жастағы шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 14 кездесу өткізген. Жалпы ол осыған дейін "Спартак", "Сұңқар", "Тобыл", "Қайрат", "Жетісу", "Шахтер" және "Тараз" командаларының намысын қорғаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport