Футбол
28 сәуір 2022 18:49
 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы командасыз қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының шабуылшысы командасыз қалды ©ҚФФ

Қазақстандық футболшы Сергей Хижниченко ҚПЛ дебютанты "Ақсу" командасынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық футболшы Сергей Хижниченко ҚПЛ дебютанты "Ақсу" командасынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

30 жастағы шабуылшы ҚКФЛ ресми сайтында "Ақсу" футболшыларының қатарынан шығарылды. 

Хижниченко "Ақсу" сапына қыста қосылып, маусым соңына дейін жасалған келісімшартқа қол қойған еді. Ол биылғы маусымда алты кездесу өткізіп үлгерді. Бірақ ешқандай нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. 

Шабуылшы осыған дейін өз карьерасында "Восток", "Шахтер", "Ордабасы" және польшалық "Корона" мен беларуссиялық "Шахтердің" намысын қорғаған. 

Ал Қазақстан құрамасында 2009 және 2020 жылдар аралығы 52 кездесу өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!