Футбол
17 сәуір 2020 17:27
 
Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Қайраттан" неге кеткені мен Еуропадан ұсыныс туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Қайраттан" неге кеткені мен Еуропадан ұсыныс туралы айтып берді Сурет: ҚФФ

Қарағандылық "Шахтер" мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек KazFootball.kz порталына берген сұхбатында Польшадан үш ұсыныс болғанын айтты.

"Осы маусым аралығында Еуропаға кеткім келген. Польша клубтарынан үш ұсыныс болды, бірақ, сәті келмеді. Осылайша, "Шахтерді" таңдадым, Вячеслав Грозный да маған сенім артып отырды", - дейді Тұрысбек.

2014 жылы Тұрсыбек Сербия чемпионатында "Раднички" клубының сапында төрт матч ойнаған.

"Сербияда клубтар жастарға мүмкіндік беруге тырысады, олардың трансферінен қаржы түсіру үшін. Сербия клубтарының бар бюджеті осы, "Црвена Звезда" мен "Партизаннан" өзгесі", - деп атап өтті форвард. 

Футболшы 2016 мен 2017 жылдары ойнаған "Қайраттан" қалай кеткені туралы да баяндады.

"Футболда бапкер саған қатысты ешқандай жоспары болмайтын кездер бар. Алматыда осындай жағдай менің басымнан да өтті - Карлос Феррер мені негізгі құрамға алмады. Осыдан кейін мені "Қайрат А" командасына жіберді", - дейді ол. 

Биылғы маусымда 28 жастағы Тұрысбек екі матчте ойнап, бір гол салды - ҚПЛ-дің екінші турында "Қайрат" қақпасына (1:0).

Жарнама

Живи спортом!