Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай "Шахтерға" қарсы өткен жолдастық кездесуге қатысты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта 28 жастағы футболшы теміртаулық "Шахтер-Булат" клубымен бірге жаттығуда. Ол "кеншілерге" қарсы өткен бақылау ойынында қосалқы құрамнан шығып, өз командасындағы ең белсенді ойыншылардың бірі болды.
Естеріңізде болса, Түркиядағы қысқы оқу-жаттығу жиыны кезінде "Ордабасы" ойыншысы ауыр жарақат алған еді, содан кейін Стамбулда ота жасатты.
Жаңғылышбай соңғы ресми кездесуін өткен жылдың қарашасында, Қазақстан құрамасына шақырту алған кезде өткізді.