Футбол
1 қаңтар 2022 17:24
 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Астанадан" кетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Астанадан" кетті ©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов "Астана" командасынан кетіп, "Крылья Советов" командасына қайта қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов "Астана" командасынан кетіп, "Крылья Советов" командасына қайта қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Айымбетов "Астана" командасына ресейлік клубтан жалға келген еді. Transfermarkt.de ақпараты бойынша, 31 желтоқсан күні шабуылшының жалға беру мерзімі аяқталған. Ал елордалық клуб жалға беру мерзімін ұзарту туралы ешқандай ақпарат таратпады. 

2021 жылы Қазақстан Премьер-лигасында Абат Айымбетов "Астана" сапында 14 кездесуге қатысып, алты гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Енді шабуылшы карьерасын қайда жалғастыратыны белгісіз болып тұр. 

Айта кетейік, қаңтардың басында "Астана" сапында босниялық шабуылшы Семир Смайлагич қайта оралуы керек. Ол жыл соңына дейін "Қызыл-Жар" командасына жалға берілген. 

 



Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!