Футбол
31 қаңтар 2022 17:47

Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Ақжайық" сапына ауысты

©"Шахтер" ФК

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев мансабын "Ақжайықта" жалғастырады.

23 жастағы шабуылшы өткен маусымның соңында келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Шахтерден" кеткен еді. Өміртаев қазір "Ақжайықтың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Жақын арада Оралхан Владимир Мазярдың командасымен келісімшартқа отыруы керек.

Өміртаев өткен маусымды "Тобылда" бастап, кейін "Шахтерға" ауысты. Бірақ қарағандылық клубтың негізгі құрамында жиі ойнамады. Соған қарамастан, шабуылшы үнемі Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport