Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко "Ордабасынан" кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәлімет көзінің ақпаратынша, футболшы келесі маусым шымкенттіктер сапында қалмайды, өйткені оған келесі жылы жүлделер үшін таласатын клуб ұсыныс жасаған.
30 жастағы Хижниченко "Ордабасы" сапында 2020 жылдан ойнап келеді. ҚПЛ-2021 маусымында ол 22 матчта, үш гол салды және бір ассист жасады. Шымкенттік команда турнир кестесінде бесінші болды.
Айта кетейік, Хижниченкоға отандық клубтан бөлек Ресейдің екінші лигасындағы бірнеше команда көз тігіп отырғанға ұқсайды.