Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен ойыны алдындағы жоспары айтылды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен жолдастық ойыны алдындағы жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Басылымның мәліметінше, ұлттық құрама 10 қараша күні Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Футболшылар "Қайрат" клубының базасында жаттығуы тиіс.

14 қараша күні Қазақстан құрамасы Ташкентке ұшып, 16 қараша күні Өзбекстан ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салайық, командалар соңғы рет 2007 жылы кездескен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар