Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен карьерасын "Қызылжар" сапында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Петропавлдық клуб футболшымен екі жарым жылдық келісімшартқа қол қойылғанын ресми түрде жариялады.
Осыған дейін Әбікен 2025 жылдан бері қызылордалық "Қайсардың" намысын қорғады. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 14 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Футболшы карьерасында шымкенттік "Ордабасы", павлодарлық "Ақсу" және алматылық "Қайрат" клубтарында ойнаған
Осылайша, Қазақстан құрамасының ойыншысы алдағы жылдары "Қызылжар" сапында өнер көрсетеді.
Жарнама