Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубпен келісімшарт жасады

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Карина Жұмабайқызы ресейлік "Рязань-ВДВ" командасымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

Жұмабайқызы Ресей біріншілігіне ауысқан үшінші қазақстандық футболшы атанды. Бұған дейін "Енисей" сапына Аида Гайстенова, ЦСКА сапына Юлия Мясникова ауысқан болатын. 

"Карина жаңа командасымен бірінші жаттығуын өткізіп үлгерді", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, Жұмабайқызының жаңа командасы Ресейдің төрт дүркін (1999, 2000, 2013, 2018)  чемпионы. Сонымен қатар, "Рязань" екі мәрте (1998, 2014) Ресей кубогін жеңіп алған. 

 

 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport