Футбол
30 қазан 2019 16:36

Қазақстан құрамасының ойыншысы өзінен асыра тепкен добымен гол салды

© "Астана" ФК
"Астана" қорғаушысы Юрий Логвиненко "Оқжетпеспен" матчте әдемі гол салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 25-ші тур ойыны Көкшетауда өтіп жатыр. 

33-ші минутта Логвиненко допты өзінен асыра теуіп, есеп ашты. Қазақстан құрамасының ойыншысы үшін бұл биылғы маусымдағы 14 ойындағы үшінші голы.