Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабын Еуропада жалғастырады
Қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен литвалық "Жальгирис" командасына ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен литвалық "Жальгирис" командасына ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
22 жастағы футболшы қарағандылық "Шахтермен" келісімшартын бұзып, алдағы күндері литвалық клубтың орналасқан жеріне барады.
Айта кетейік, Литваның тоғыз дүркін чемпиондарын қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.
Бұған дейін Қашкен "Атлетико Мадрид" пен "Касабланканың" жастар командасында өнер көрсеткен. Ал Қазақстанда елордалық "Астана", талдықорғандық "Жетісу", қызылордалық "Қайсар" және "Ақтөбе" командаларында доп тепті.
Қазақстан жастар құрамасы сапында 11 кездесу өткізген. 2022 жылдың 13 ақпанында ҚПЛ легионерлер командасына қарсы жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасындағы дебютін жасады.
Жарнама